32.3 C
Шымкент
16-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Ұлттық банк Конституцияның 30 жылдығына арналған жаңа монеталар шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі «Елеулі оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» атты жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады деп хабарлайды Qazyr.kz

Монетаның бетінде ашық кітап бейнеленген, ол – ел Конституциясының нышаны. Кітаптың үстінде Қазақстан картасының контуры аясында «30» саны орналасқан. Картаның ортасында күнді бейнелейтін шаңырақ бейнесі бар. Ерекше элемент ретінде «30» саны алтын жалатылған декоративті өрнекпен безендірілген.

Коллекциялық нұсқалар:

Номиналы 1000 теңге – 925 сынамалы күмістен, алтын жалатылған, массасы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, таралымы – 1000 дана.

Номиналы 100 теңге – нибрасс/нейзильбер қос металынан (биколор), массасы 6,45 г, диаметрі 24,5 мм, дайындау сапасы uncirculated, таралымы – 5 000 000 дана.

Күміс монеталардың сату басталатын күні туралы ақпарат кейінірек Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланады. Ал 100 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде еркін айналымда болады.

Ұлттық банк атап өткендей, коллекциялық монеталар нарицалдық құны бойынша еліміздің бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі үшін қабылданады, банк шоттарына қабылданып, аудару, айырбастау және қолма-қолға айналдыру үшін барлық банктерде өтімді. Монеталар Қазақстанның Монета сарайында соғылған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Демалыс күндері қай өңір ыстық болады?

Redaktor Site

АҚШ-та TikTok қосымшасына тыйым салынды

redaktor_qazyr

Түркістан облысы салық түсімін 100 пайыз орындады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz