Qazyr.kz порталы
Қазір

Дикий Арманның әйелі енесінің қазасына байланысты жан тебірентер жазба жариялады

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің әйелі желіде жазба жариялады,- деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жуырда Дикий Арманның анасы дүниеден озған еді.

«Мына видеода апам, Арманым және Мариям Медина қызым төртеуіміз. Бұл — менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді қатты жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын. Оны төсегіне келіп, бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Қаңтар оқиғасы бойынша Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет ауылдағы медицина мен перинаталдық көмекті жетілдіруге кірісті

admin_qazyr

Қазақстан 2026 жылға дейін Altel мен Tele2 тарифтерін бақылау құқығынан айырылды

admin_qazyr

Қытай инвестициясы жеріміз-байлығымызға сырға салып келді, «ас та төк құдалық» күтіп тұр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz