Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірСпорт

«Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады

2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық жүріп жатыр. 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15 жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар келеді. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

«Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы – бес күн, ал жалпы қашықтық 500 км қамтиды. Жарыс Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады.

Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады.

«Бұл марафон тек спорттық жетістіктермен шектелмейді, ол еліміздің мәдени және туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс арқылы біз Алматы облысының тарихи және мәдени мұрасын әлемге таныстырып, халықаралық қатысушылар мен туристер үшін маңызды оқиғаға айналдырамыз. Біз үшін бұл — тек спорттық іс-шара емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті көрсету мүмкіндігі», — деді Алматы облысының спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек.

Туристер үшін арнайы қалашықтар мен фотозоналар да ұйымдастырылады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсынылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Арал теңізінің айдыны суға толып, балық популяциясы қалпына келді

admin_qazyr

Қабылсай мен 41 разъездінің тас жолында жол апатынан 1 адам қайтыс болды

redaktor_qazyr

Нағыз журналист болу ол өз өміріңді бәске тігумен тең

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz