Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

WhatsApp-тағы жаңа алаяқтық әдіс: «Маған шұғыл ақша керек болып тұр»

Қазіргі таңда интернет пен технологияның қарқынды дамуы алаяқтардың да жаңа әдістерді ойлап табуына мүмкіндік беріп отыр. Соның бірі – сіздің туысыңыздың, досыңыздың немесе әріптесіңіздің атынан ақша сұрау. Бұл – көп адамның алданып, ақшасынан айырылып жатқан алаяқтықтың кең тараған түрі.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

1. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді бұзу
Алаяқтар алдымен сіздің жақын адамдарыңыздың әлеуметтік желідегі немесе мессенджердегі аккаунтын бұзады. Олардың атынан сізге хабарлама жібереді.

2. Көмек сұрау арқылы сенімге кіру
Олар «Маған шұғыл ақша керек», «Кредит жауып беруім керек», «Телефоным бұғатталып қалды» сияқты сенімді көрінетін себептерді ойлап табады.

3. Тез арада ақша аударуды сұрау
Олар асықтырып, ойлануға мүмкіндік бермейді. «Қазір аудармасаң, кеш болады» деген сияқты сөздермен қысым жасайды.

4. Жалған банк шоттарын немесе Kaspi, Halyk сияқты төлем жүйелерін пайдалану
Кейде олар «Мына шотқа жібер» деп басқа біреудің банк картасын береді немесе криптовалюта, электронды әмияндар арқылы ақша жіберуді сұрайды.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Ақша сұраған адамның шын мәнінде сіздің танысыңыз екенін тексеріңіз. Оған хабарласып, видео немесе дауыстық қоңырау арқылы сөйлесіп көріңіз.
Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеңіз. Егер досыңыз кенеттен сізден ақша сұраса, аккаунтын бұзып алған болуы мүмкін.
Құпиясөздеріңізді мықты етіп жасаңыз. Әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі аккаунттарыңызды екі факторлы аутентификациямен (2FA) қорғаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Connected болашақ образын түсіну конференциясы әлемнің 27 елінен 2000-нан астам сарапшыны біріктірді

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz