19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Жамбыл облысында 10 медициналық мекеме жаңғыртылуда

2025 жылы Жамбыл облысында денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту мен салу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатқа 1,4 млрд теңге бөлініп, 5 жаңа нысанның құрылысы қолға алынған, деп хабарлайды Qazyr.kz

Қордай және Талас аудандарында бір ауысымда 90 келушіге арналған екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр;

Қордай ауданы, Сортөбе ауылында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емхана бой көтеруде;

Меркі аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесі (литер А) қайта жаңғыртылуда;

Сонымен қатар, сол ауруханаға компьютерлік томограф орнатуға байланысты ғимаратты бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 1,5 млрд теңгеге 5 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді.

Бүгінде Қордай ауданында бір ауысымда 45 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде:

Денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 2024 жылғы 46,05%-дан 2025 жылы 42,3%-ға дейін төмендейді;

Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 91,64%-дан 92,9%-ға жетеді.

Бұл бастамалар өңір тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының Шаян ауылы маңында ірі жол апаты болды

redaktor_qazyr

Шымкентте 20 жасар қызды көлік қағып,артынша қайтыс болды

redaktor_qazyr

Абай тойында қонақтарды қоршау өте қысқа уақытқа ғана жалғасты – Әшімбаевтың баспасөз қызметі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz