Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Жарға тілек

Жан едің өзгелерден асып туған,
қандай күш құдіретіңе ғашық қылған?!
Сен менің тірлігімнің шырағысың,
сәулесін төңірегіне шашып тұрған.

Сен менің қанатымның біреуісің,
құт қонған шаңырағымның тіреуісің.
Мен сені күн іздеймін, түн іздеймін,
іздеудің не екенін білемісің?

Сен болсаң әсем әннің қайырмасы,
мені сендей сүйеді қай ұрғашы?!
Бес күндік мына жарық дүниеде,
жаратқан, сыңарымнан айырмашы.

Жатқа айтса таусылмайтын дастаным ең,
сен менің арай төккен аспаным ең.
Арамыз сағат сайын жақындайды,
жасымыз жерортадан асқанымен…

Өткізіп тіршіліктің кірбең күнін,
көз көрді бұл фәнидің бір кемдігін.
Бақытым — сенің мөлдір жанарыңда,
байлығым — есен-аман жүргендігің!

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайұлы

Redaktor Site

Не жетеді түсініс,ұғынысқа!

redaktor_qazyr

Күн сайын өміріңізді әлсін-әлсін жақсартып отырсаңыз

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz