30.3 C
Шымкент
29-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жетісу Амал мерекесін күтіп алды

Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, деп хабарлайды Qazyr.kz

Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс барысында өмірге келген сәбиге ат қою рәсімі атқарылып, адамдардың бір-бірін құрметтеу салты көпшілікке паш етілді. Атап айтқанда, үлкендердің құшақтасып көрісуі, келіннің сәлем салуы, ақсақалдың бата беруі, балаға ат қою сияқты дәстүрлер дәріптелді.

Бұдан әрі мерекелік шара Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының  концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Бала кезімізде наурызда үлкендер жағы бір-бірімен қол алысып, «Жасың құтты болсын» деп құшақтасып жататын. Ауыл балалары үй-үйді аралап, үлкендердің берген тәттілерін қалтасына сыйғыза алмай, бала көңілмен марқайып, бір жасап қалатынбыз. Көрісу мерекесі негізінен еліміздің батыс облыстарында кең тараған. Осы күннің Наурыз мерекесінің бастауы ретінде қайтадан жанданып жатқанынан қуанамыз», — дейді Амал мерекесіне қатысқан ақсақалдардың бірі Серік Нұрхалық.

Осы күні облыстың барлық аудан-қалаларында мерекелік концерт, театрландырылған көріністер, кездесулер өтіп жатыр.

Еске салайық, Президенттің бастамасымен өткен жылдан бері 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі белгіленіп, оның әр күні өз атауына сай тақырыптарды дәріптейді. Онкүндіктің басы 14 наурыз — Көрісу күні, «Амал» мерекесі деп аталды. Бұл адамдардың бір-біріне деген құрметі артып, өкпе-реніштері кешіріліп, құшақтасып қауышатын күні.

©Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Таразада екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

redaktor_qazyr

Ауылға қонаққа келіп,шатасып басқа үйге кіріп кеткен бейшара жігітті тұрғындар «педофил»,-деп тепкілеп тастаған

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz