Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Ерболат Досаев Беларусь елшісімен кездесті

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды Qazyr.kz

Қала басшысы Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.

Беларусь – Алматының маңызды экономикалық серіктесі. Қалада белорус капиталы бар 405 кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2024 жылы Алматы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 300 млн АҚШ доллар болған.

Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.

©Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қол қойды

admin_qazyr

Қаржылық қауіпсіздік: Алматыда заңсыз микроқарыз ұйымдарына қарсы күрес нәтижелері жарияланды

admin_qazyr

Қазақстан теміржол машина жасауында жаңа дәуір: Stadler, TEXOL және Семей зауыттары индустрияны жаңғыртуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz