Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жетісу облысында биыл 44 жаңа медициналық нысан пайдалануға беріледі

Жетісу облысында «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында 44 нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Жалпы алғанда, жобаның аясында өңірде 59 медициналық нысан салу қарастырылған. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Өткен жылдың желтоқсан айында 15 нысанның құрылысы толық аяқталса, қалған 44 нысанның жұмысы биыл жалғасуда. Қазіргі таңда олардың орташа дайындық деңгейі – 83 пайызды құрайды.

– Құрылыс жұмыстары маусым және тамыз айларында кезең-кезеңімен аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар нысандарды инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде. Қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді, – деді облыс әкімі.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, бұл жоба облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Ауыл тұрғындары үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету – басты басымдықтардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Ақмола облысында оқушы суға батып бара жатқан балақайды құтқарып қалды

redaktor_qazyr

Германия Ресейдің гибридтік қауіп-қатерлеріне қарсы шараларды күшейтуді ұсынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz