Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мәжіліс Салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Құжат бойынша Мәжіліс отырысында жалғыз ғана депутат – жұмыс тобының жетекшісі Берік Бейсенғалиев сөз сөйледі.

«Қаржы және бюджет комитеті Салық кодексі жобасы мен оған қатысты «Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдауды мүмкін деп санайды», – деді Бейсенғалиев.

Оның баяндамасынан кейін депутаттар бірден дауыс беруге кірісті. Нәтижесінде:

Салық кодексін қабылдауға 88 депутаттың 76-сы дауыс берді,

8-і қарсы, 4-і қалыс қалды;

Заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша 87 депутаттың 76-сы қолдады,

7-і қарсы, 4-і қалыс қалды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі биыл 42 мың азаматты әскерге шақыруды жоспарлап отыр

admin_qazyr

Талдықорғанда «Менің туым» патриоттар шеруі өтті

admin_qazyr

Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz