Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Жұмекен Нәжімеденов

Бойжеткен қыз:
– Әке, әке, киім, – дейді,
Әке айтады:
– Қаражат қиын, – дейді.
Белі иіліп барады кәрі әкенің,
бірақ ағаш-аяғы иілмейді.

Ұлы да хат жазады астанадан,
астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,–
жыласа ол да ақша деп көл – сиясы,
көл секілді әкенің пенсиясы
былай да ағып,
жатады былай да ағып,
қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып.

Модыға еру – қызға да қиын еді,
қиын болса қайтеді – киінеді.
Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә? –
ұл қуанып ішеді сыра-пыра.

Қартайды әке –
халі әлгі, күйін мейлің,
қартайғаны: «қаражат қиын» дейді.
Кемпір де ырза болсын деп салады ақша,
өзі ішпейді,
жемейді,
киінбейді,
белі иіліп барады, сағанақша,
тек аяғы – баяғы, иілмейді.

* * *

Қыз шықты бір сауықшыл жас балаға,
ұл үйленді – қалды о да астанада.
Түсіп кетсе кім-кім де, шүкір, оқыр,
оқығанға іс те көп бітіретін.
Әке – ауылда, күрсініп тереңірек,
ұлым, қызым қонаққа келеді деп,
пенсиясын жинақтап күтіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың отыз үшінші қара сөзі

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың қырық төртінші қара сөзі

Redaktor Site

Speed Breeding: Қазақстан аграрлық ғылымында жаңа дәуір басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz