27.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Журналист – тұлға, лауазым, мінезі – дала, тау, өзен

ЛӘҺИ, ӘУМИН ШӘКІРТТЕР!
… Журналист – тұлға, лауазым,
Мінезі – дала, тау, өзен.
Басады зілдей мысы оның,
Көрсетсе кім нән, дәу өзін!
Тыңдайды оны «керең» де,
Оқиды оны кемеңгер.
Журналист деген әне, сол,
Журналист болам дегендер.
Қарғымай жардан тереңге,
Ерқара болып тек елде,
Жүрсеңдер қарын көтеріп,
Журналист болам демеңдер.
… Журналист аты – сын есім,
Тастаңдар сілкіп «жіп» ерсе.
Күліңдер қарқ-қарқ, әлдекім
Өтірік мақтап жіберсе.
Тұр күтіп қанша «келсең-кел» –
Жуан бел кесір, кеселдер!
Шегініс бір сәт болмасын,
Журналист болам десеңдер.
… Шаршамай дәулет, бақ жоқ шын,
Сапарда ұзақ жол соқсын!
Сүйсініп журфак, деканат,
Шалқайып тұрып қол соқсын.

Автор: Үмбетай Уайдин

Ұқсас жаңалықтар

Әлемнің 7 кереметі

Redaktor Site

Елімізде еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде берілуі мүмкін

redaktor_qazyr

Кредитті растау уақытының ұзаруы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz