Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғам

Әркімнің өз жолы бар

Әркімнің өз жолы бар
Бастауыштан жоғары сыныптарға өткен кезім. Жаңа орта. Жаңа мұғалімдер. Жоғары сынып оқушыларын көресің. Сөйлесесің. Алда не күтіп тұрғаны қызық қой. «Қандай пәндер оқисыңдар?», «Қай
мұғалім қатал?» т.б. сұрақтарды қоятынмын. Сол кездің өзінде алдын-ала дайындалу, соған сәйкес жоспар құру сияқты әдеттерім болған екен.
Олар «физика қиын», «химия қиын», «ол сабақтардан 5 алу қиынның қиыны» деп көп айтатын. Мен сол кезде «мен де кейін
қиналатын шығармын» деп ойлайтынмын. Сөйтіп, физикаға да,
химияға да жеттік. Айтарлықтай қиын да емес екен. Оқысаң, бәрі түсінікті. Есептерін шығардым. Кітаптағы тарауларды уақытында оқып отырдым.
Мен сол кезде алғаш рет әркімнің бір нәрсені әртүрлі қабылдайтынын, әркімнің өз шындығы бар екенін түсіндім. Ол бір нәрсені жасай алмаса, мен де жасай алмаймын дегенге сенбейтін
болдым. Өзімді басқалармен салыстыра бермей, өз жолымның бөлек екеніне көзім жете бастады.

Біз өзімізге таныс емес жағдайларға тап болғанда, іс-әрекетіміздің дұрыс не бұрыс екенін өзге адамдарға қарап анықтаймыз.
Банкоматтан қалай ақша шешуді білмесек, алдымен басқа адамдарды
бақылаймыз. «Басқалар солай істесе, демек, солай істеуге болады» деп қабылдаймыз.

Бұл – бастапқы кезде ортаға бейімделу үшін қажет дағды. Бірақ өзгелерге көп жалтақтап, өз жолымыздан жаңылып
қалмауымыз керек.Қазір «анау бүйтіп жатыр екен», «мынау бүйтіп қалыпты» дегендей әңгімелерді естісем, «ол – оның жолы, менің жолым басқа, ешкімге
ұқсамайтын жол, менің оған ұқсауым шарт емес» деп іштей өзіме айтамын. Өзіңнің ерекше екеніңді, ешкімге ұқсамайтыныңды түсінген кезде ешкімге ұқсамайтын ерекше дүниелерді шығара
бастайсың.

Дереккөз: Данияр ЖІГІТБЕК,Лайфхактар

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Арал теңізінің айдыны суға толып, балық популяциясы қалпына келді

admin_qazyr

Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді

admin_qazyr

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz