Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Шымкентте,із-түссіз жоғалған 18 жасар қыз,өлі күйінде табылды

Шымкентте,із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыз,өлі күйінде табылды.

Еске алсақ, 5 тамыз күні Әл-Фараби Аудандық Полиция бөліміне жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.18 жастағы бойжеткен,Түркістан облысының тумасы, оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған екен.

Қызды іздеуге,Шымкент қаласы Полиция Департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды,3  күн бойы үздіксіз жүргізілгенімен,қызды таба алмады.

8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби Аудандық Полиция бөліміне туыстары, үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы, жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтаған.Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

«ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.»-делінген Polisia.kz хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

«Таиландтан келген сәлемдеме» Астаналық студент 8 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Қазақ инженерлері жасаған жасанды интеллектсі Google-дің үздік жобалары қатарынан орын алды

admin_qazyr

Астана қаласының мектептерінің біріне Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz