Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Су басқан өңірлерде ауыз су ластанды деген ақпаратты жоққа шығарды

Су басқан өңірлерде ауыз су ластанды деген ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастады.

Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды.
Су тасқыны жағдайына байланысты
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.

Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті.

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр ауыл көшелеріне қашан асфальт төселеді

redaktor_qazyr

Түркістан: отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру жұмыстары пысықталды

admin_qazyr

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет іске қосылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz