Qazyr.kz порталы
Руханият

Жәнібек Салқынбек-Ақын болып туып көр

QAZYR.KZ:

Ақындардың қиялында шек бар ма,

Шабытынан жылдам ұшар оқ бар ма.

Жүрегінен жұлып алған жырлары

Сыймайды мың гектарға.

 

Мүмкін өзің байқамайсың, көрмейсің,

Жаңылады көбі текке сенбей шын.

Бір ақынның адал досы бола алсаң

Өлеңіндей өлмейсің.

 

Аттан түспей абыройын түсірме,

Терең үңіл жанын білмек үшін де.

Өзгелерден айырмасы жоқ адам

Ақын оның ішінде.

 

Көрінгенмен көпке сырты сүйкімді,

Көңілінде шертіледі күй түрлі.

Қандай күш бар қуантатын қайғымен

Қаламындай сиқырлы.

 

Көзі ашық лайлы суды тұнық дер,

Көрсоқырлар көк аспанды бұлт дер.

Білгің келсе Құдайдың бұл пендесін

Ақын болып туып көр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Парктер шеруі – 2025: Көлсай табиғатын қорғауда оқушылар ерекше белсенділік танытты

admin_qazyr

Тұңғыш жерді айналған дирижабл

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz