Qazyr.kz порталы
Қазір

Біржан Байтуов — Бұл қазақ

Бұл қазақ арсыздыққа бөтен еді,
Ар үшін жанын құрбан етер еді.
Ел болам десең түзе экраныңды,
Бұл өзі заманауи мәтел еді.

Елің қайдан түзелсін экраныңның,
Күндіз-түн көрсеткені шетел еді.
Басқа басқа әуелі Ұлттық арна,
Арсыздыққа халықты жетеледі.

Ойнастықты дәріптер түріктердің,
Сериялы түбіңе жетер еді.
Қызтекенің өмірін суреттейтін,
Кәрістердің киносы «шекер» еді.

Соларға еліктеген ұл-қызыңның,
Қылығы бекерден де бетер еді.
Енесін тыңдамайтын үнді «келін»,
Қазаққа қандай пайда әкеледі.

Ұмытып ұлтымызға тән ғұрыпты,
Сіңірдік жұртыма жат бар қылықты.
Жақында Ұлттық арнаға бас маман ғып,
Ресейден орыс әйел алдырыпты.

Әлгі әйел келе сала жылы орынға,
Жайғасып ап салыпты бар бүлікті.
«Ассалаумағалейкум» деген сөзді,
Эфирден айтпасын деп заң қылыпты.
Ол сөздер ескіліктің қалдығы деп,
Қасиетті сөзіңді қор қылыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысы полициясы Хасан Қасымбаевқа қатысты істің тоқтатылғанын жоққа шығарды

redaktor_qazyr

Әлеуметтік қолдау: Жетісуда мыңдаған бала лагерьде тегін демалады

admin_qazyr

Шағын өндіріс — Шығыс Қазақстан экономикасының драйвері

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz