Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Білемін

Білемін

Әлсін-әлсін ауырса да жүрегім,
Айналаға білдіртпеймін,күлемін.
Сырға тола лүпіл лебі бір күні,
Тоқтайтынын білемін…

Қайғым іште,
Күлкім жүзде.
Келемін сыр ақтарып сары күзге.
Сағыныш пен мұңдарды ұмыттырар,
Сыйласын мол қуаныш бәрімізге…

Сиреді жақындардың сұлба сомы,
Арамызда бір батшағар жүр ма долы.
Тіршілікпен алысып ақын жаным,
Қалады жыр жазуға тимей қолы.

Жалғыздыққа ұласты көкжалдығым,
Көңілде ескерілмей көп қалды мұң.
Қуанта алмай қаламын жақындарды,
Сыйланбайтын сыйлықтар текке алдырдым.

Әлсін-әлсін ауырса да жүрегім,
Айналаға білдіртпеймін,күлемін.
Сырға тола лүпіл лебі бір күні,
Тоқтайтынын білемін…

18.08.2021
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Ер азаматқа бата беру

redaktor_qazyr

Зеленский: Қытай Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады

redaktor_qazyr

Монша жағамын деп,шашын өртеп алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz