Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Міржақып Дулатов — Терме

Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халқыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.

Нашарларды жылатып,
Байлардың сатпа малына.
Көз жасына қаларсың,
Қарамасаң зарына.

Баса айтпасам болмайды.
Жүк тартатын нарыма.
Қайратың болса, ал көрсет,
Келді ыңғайлы жағыңа.

Бәйгеге қостым тұлпар деп,
Ұқсап жүрме жабыға.
Алдымен өлсең майданда,
Талас жоқ сенің бағыңа.

Көре алмаған дұшпандар,
Ілесе алмас шаңыңа.
Басыңды тік бәйгеге.
Бір халқыңның қамына.

“Алаш!” деп ұран естілсе,
Кім бұрылмас қанына.
Фаһімлер деп айтамын,
Фарасатың барына.

Бұл уақытта кез келдік,
Заманның мұндай тарына.
Асықбасаң көрерсің
Мұны азсынсаң тағы да.

Хиянаттан бой тартып,
Шық ғаділет жағына.
Мұны істесең, шығарсың,
Абыройдың тағына.

Ұқсас жаңалықтар

«Демократия – үздіксіз жүретін үдеріс»Тоқаев

redaktor_qazyr

Астана қаласында қытай көпфункционалды орталығы ашылады

redaktor_qazyr

Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz