Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Міржақып Дулатов — Терме

Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халқыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.

Нашарларды жылатып,
Байлардың сатпа малына.
Көз жасына қаларсың,
Қарамасаң зарына.

Баса айтпасам болмайды.
Жүк тартатын нарыма.
Қайратың болса, ал көрсет,
Келді ыңғайлы жағыңа.

Бәйгеге қостым тұлпар деп,
Ұқсап жүрме жабыға.
Алдымен өлсең майданда,
Талас жоқ сенің бағыңа.

Көре алмаған дұшпандар,
Ілесе алмас шаңыңа.
Басыңды тік бәйгеге.
Бір халқыңның қамына.

“Алаш!” деп ұран естілсе,
Кім бұрылмас қанына.
Фаһімлер деп айтамын,
Фарасатың барына.

Бұл уақытта кез келдік,
Заманның мұндай тарына.
Асықбасаң көрерсің
Мұны азсынсаң тағы да.

Хиянаттан бой тартып,
Шық ғаділет жағына.
Мұны істесең, шығарсың,
Абыройдың тағына.

Ұқсас жаңалықтар

Енді Қазақстанда автокөлігіңізді 5 минуттан артық қыздырсаңыз айыппұл төлейсіз

redaktor_qazyr

Ақтөбеде әскери қызметкер қайтыс болды

redaktor_qazyr

«Арыс – жүрегімнің бір бөлшегі болып қала береді.»Арыс қаласының экс-әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен қоштасты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz