Qazyr.kz
БілімМәдениет

Мектептер туралы деректер

♦ Триместрден құралатын Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады. 20 маусымда алғашқы триместр аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. 1 қыркүйек пен желтоқсан аралығында екінші триместр, ал қаңтар мен наурыз айларында үшінші триместр болады. Көктемгі бір апталық демалыстан кейін бір сыныптан екінші сыныпқа өту үрдісі жүреді.
♦ Жапонияда мұғалім мамандығы тек ер адамдарға тән. Әйел адам ұстаздар өте аз.
♦ Көп Жапония мектебінде асхана болмайтындықтан, олар тамақты сыныпта отырып ішеді.
♦ Чехияда демалыс жаз бен қыс айларында болады. Жазғы демалыс 2 айға созылады.
♦ Еліміздегідей Чехияда да 2, 3, 4, 5 сынды бағалар қояды. Алайда олар үшін «5» — ең нашар, ал «2» — ең жақсы баға болып есептеледі.
♦ Чехияда бір мұғалім бірнеше пәнді жүргізеді. Мысалы, әдебиет пәнінің ұстазы дене шынықтыру сабағын да өткізеді. Ал келесі бірі чех тілі мен ән айтуды, химияны жүргізуі мүмкін.
♦ Финляндияда оқушыны өз еркінен тыс шақыруға болмайды. Оқушылардың кемшілігін өзге сыныптастарының көзінше айтуға тыйым салынады.
♦ Фин мектептерінде сыныпта бір сабақты екі ұстаз өткізеді. Олар – ұстаз бен оның көмекшісі.
♦ Финляндия мектептерінде әр сабақ аяқталған сайын оқушылар далаға шығып отыруы тиіс. Және жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан міндетті түрде шығады.
♦ Куба мектептерінде жоғары сынып оқитын оқушылар белгілі бір мамандықты игере бастайды. Қалалық жерде оқитын оқушылар 5-7 аптаға ауылға барып жұмыс істейді.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Төлеген Айбергенов

Redaktor Site

Сәбит Дөнентайұлы

Redaktor Site

Исрайл Сапарбай

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты