Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұрсынхан Әбдірахманова — Сүйе білсең…

Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.

Жанар болсаң,
Болар едім жалының,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.

Амалым не,
Ашылмады бораның,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.

Ұқсас жаңалықтар

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Бозжыра

Redaktor Site

Сені сүйдім

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz