Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Қызылордалық жұмыс орнында қаза болды

Қызылордалық азамат жұмыс орнында «Камаз» автокөлігін жөндеу кезінде қаза тапқан. Сондықтан, оның жұбайы жазатайым оқиғаны арнайы тексеру  туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінген, деп хабарлайды Qazyr.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. 

Марқұмның әйелі жұмыс берушінің техника қауіпсіздігі шараларын сақтамағанын және жұмысшымен кезінде еңбек шартын ресімдемегенін атап өтті.

«Жұмысшыға ЖШС аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілгені анықталды. Ол қызметтік көлік жүргізіп, қолма-қол және банктік картамен жалақы алған. Бірақ, жұмысшы мен ЖШС арасында еңбек шарты жасалмаған. Куәлер қайтыс болған адамның ЖШС-де жұмыс істегенін растады. Облыстық сот жұмысшы мен ЖШС арасындағы жасырын еңбек қатынастарының болуын атап, жұмысшының қайтыс болуы бойынша тексеруден бас тартқан Басқарма әрекеттерін заңсыз деп тапты» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті

redaktor_qazyr

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды

admin_qazyr

Ашық билік, әділ шешімдер: Жаңа Конституциядағы демократия қағидаттары

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz