Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Қызылордалық жұмыс орнында қаза болды

Қызылордалық азамат жұмыс орнында «Камаз» автокөлігін жөндеу кезінде қаза тапқан. Сондықтан, оның жұбайы жазатайым оқиғаны арнайы тексеру  туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінген, деп хабарлайды Qazyr.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. 

Марқұмның әйелі жұмыс берушінің техника қауіпсіздігі шараларын сақтамағанын және жұмысшымен кезінде еңбек шартын ресімдемегенін атап өтті.

«Жұмысшыға ЖШС аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілгені анықталды. Ол қызметтік көлік жүргізіп, қолма-қол және банктік картамен жалақы алған. Бірақ, жұмысшы мен ЖШС арасында еңбек шарты жасалмаған. Куәлер қайтыс болған адамның ЖШС-де жұмыс істегенін растады. Облыстық сот жұмысшы мен ЖШС арасындағы жасырын еңбек қатынастарының болуын атап, жұмысшының қайтыс болуы бойынша тексеруден бас тартқан Басқарма әрекеттерін заңсыз деп тапты» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Гоа: жағажайдан тыс жаңа туристік тәжірибе

redaktor_qazyr

Балық шаруашылығы: ұйқыдағы алыпты инвестициялар мен мемлекеттік субсидиялар оята ала ма?

admin_qazyr

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz