Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарМұнай-газ саласы

Мұнай-газ: 8 құрылым бұрғыланады

«Ембімұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастады. Аталған учаске Каспий маңы шөгінді бассейніндегі мезозой құрылымында тұзүсті қабаттарынан тұрады. 2025 жылдың соңына дейін тереңдігі 400-ден 3800 м-ге дейін 8 құрылым бұрғылау жоспарланған.

Нысандар 5600 шаршы км көлемде жүргізілген кең ауқымды 3D сейсмикалық барлау негізінде бұрғылауға дайындалды. «Ембімұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық жұмысты ҚР заңнамасына және экологиялық талаптарға қатаң сәйкес жүргізеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геологиялық барлау жобалары көмірсутектерді іздеуге және елдің ресурстық базасын толтыруға бағытталған. Бұл жобалар қор көлемі табиғи жолмен сарқылуға жақын жетілген кен орындары бар өңірлерде ерекше маңызға ие. Тайсойған учаскесінде іздеу ұңғымаларын бұрғылау Атырау облысының энергетикалық әлеуеті мен экономикалық тұрақтылығын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Бұған дейін Тайсойған учаскесінің маңында Уаз, Солтүстік Уаз, Қондыбай және өзге кен орындары ашылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында бір тәулікте 2 есірткі егу дерегі анықталды

redaktor_qazyr

Ақпан айында бензин мен автогаз қымбаттайды

redaktor_qazyr

«Қазақфильм» вице-президенті Серік Жұбандықов ақша жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz