Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдардың инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүргізілуде.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.2024 жылы бұл жоба аясында 213 жобаны жүзеге асыруға 30,1 млрд теңге бөлініп, оның 154 жобасы сәтті аяқталып, 99,2% қаржы игерілді. 2025 жылы 139 жобаны іске асыру үшін 13,3 млрд теңге қарастырылған.
2024 жылдың негізгі нәтижелері:
Әлеуметтік нысандар: 4 мәдениет үйі, 4 спорт нысаны, мектептің қосымша оқу корпусы салынды.
Инженерлік инфрақұрылым: 20 электрмен жабдықтау, 12 газбен қамтамасыз ету нысаны тұрғызылды.
Күрделі жөндеу: 4 мектеп, 4 мәдениет үйі, 3 ауыз су нысаны жөнделді.
Жолдар: 102 жоба аясында 330 шақырым ішкі көшелер орташа жөндеуден өтті.
Жұмыспен қамту: 1,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.
2025 жылға жоспар:
Жаңа жобалар: 85 жаңа жоба іске асырылмақ, 54 өтпелі жоба жалғасады.
Бюджет: 13,3 млрд теңге бөлінеді.
Әлеуметтік әсер: 503,9 мың халық тұратын 140 елді мекендегі нысандардың жағдайы жақсартылады.
Жұмыспен қамту: 1 мыңнан аса жұмыс орны (250 тұрақты, 833 уақытша) ашылады.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаларды іске асыру сапасын ерекше назарда ұстауды тапсырды. Мемлекеттік сатып алу, құрылыс, және жөндеу жұмыстарын уақытылы орындамаған тұлғалардың жауапкершілігі қатаң қаралатын болады. Жоспарларды әзірлеу кезінде халықтың қажеттіліктеріне басымдық берілмек.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, ауыл инфрақұрылымын нығайту және жаңа жұмыс орындарын құру.