-5.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Монтайтас-Арыс» бағытындағы жол жүру бағасының көтерілуіне тұрғындар наразы

Аудионұсқасы:
Сурет:qazyr.kz

«Монтайтас-Арыс» бағытындағы жол жүру бағасының көтерілуіне тұрғындар наразылық білдірді.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

«Монтайтас-Арыс» бағытындағы такси қызметінің бағасы 600 теңгеден 800 теңгеге көтерілуі ауыл чаттары мен жергілікті тұрғындар арасында қызу талқыға түсті. Бұл өзгеріске ауыл тұрғындары мен такси жүргізушілерінің ұстанымдары әртүрлі.

Ауыл тұрғындары жолақының көтерілуіне үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді.Тұрғындардың айтуынша, азық-түлік пен жанармай бағасы өзгеріссіз тұр, демек, бағаны көтеруге экономикалық негіз жоқ.Монтайтас пен Арыс арасындағы қашықтық шамамен 40-45 шақырымды құрайды, яғни жарты сағаттық жолға 800 теңге төлеу әділетсіз деп есептейді.

Тұрғындар бұл жағдай Шымкент бағытына жүретін такси қызметінің де бағаны өсіруіне ықпал етуі мүмкін деп алаңдайды. Мысалы, Монтайтас пен Шымкент арасындағы 100 шақырымға таксиге 1000 теңге,ал минибусқа 800 теңге төленеді. Егер қысқа қашықтыққа баға осылай өссе, ұзақ бағыттағы жол жүру құны қымбаттауы мүмкін.

Кей тұрғындар такси жүргізушілерінің қызметінің ресми тіркелгеніне және салық төлейтініне күмән келтірді.
«Такси бағасын көтеру негізсіз! Азық-түлік пен бензин қымбаттамады. Ал олардың қызметі үшін 800 теңге сұрауы артық. Бұл әділетсіздікке жол берілмеуі керек!» — дейді тұрғындардың бірі.

Такси жүргізушілерінің уәжі:Такси жүргізушілері өздерінің бағаны көтеруін экономикалық қиындықтармен түсіндіреді.Олар азық-түлік пен көлік бөлшектерінің қымбаттауын, көлікке техникалық қызмет көрсету шығындарының өсуін алға тартады.Сондай-ақ,600 теңгелік жолақының шығынды жабуға жетпейтінін айтады. «Көлік бұзылады, жөндеуге көп қаржы кетеді. Біз де пайда табуымыз керек», — дейді олар.

Анонимді дереккөздің айтуынша,қазіргі таңда такси жүргізушілері бір-бірімен келісіп, бірауыздан жаңа бағаны қолдау үшін Арыс бағытына қызмет көрсетуді тоқтатқан.Ал кейбірі алдын ала бағаны көрсетіп, хабарлама қалдырған. Бұл тұрғындар арасында жағдайды одан әрі ушықтырып жатыр.

Жергілікті әкімдік мәселені назарға алып, тұрғындар мен жүргізушілер арасында келіссөздер ұйымдастыруы тиіс. Тұрғындарға қолжетімді автобус қызметін жолға қою арқылы бағаны тұрақтандыруға болады. Бұл жағдайды реттеуге тиімді шешім болуы мүмкін.Такси жүргізушілерінің қызметін заңды түрде тіркеп, салық төлеу мәселесін реттеу қажет. Бұл бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

«Монтайтас-Арыс» бағытына қосымша көлік қызметтерін енгізу бәсекелестікті арттырып, бағаның өсуін тежеуге ықпал етуі мүмкін,-деп қосты тілшімізге осы мәселе бойынша сұхбат берген сарапшы.

Аудионұсқасы:Монтайтас ауылы такси мәселесі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының,Келес ауылындағы тұрғын газбен жүретін трактор құрастырып шығарды

redaktor_qazyr

Қазақстанда ұн өндіретін кәсіпорындар неге күрт азайды

admin_qazyr

АҚШ-тағы президент сайлауында Трампқа дауыс берушілер саны артып,алда келе жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz