Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға 17 қыркүйек күні Орал қаласында таңғы сағат 09:20-да Алаш пен Светлая көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qazyr.kz. 

БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көше қиылысында «Газель Некст» маркалы №1 маршруттық автобус пен Nissan Teana соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Teana жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ маршруттық автобустың 8 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейлері анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр»,  деп хабарлады полиция.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстар өткізіле бастайды

admin_qazyr

Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

redaktor_qazyr

Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр болатын су қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz