-11.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жамбыл облысында мектеп дәретханасында оқушыны ұрып өлтірген жоғарғы сынып оқушыларына үкім шықты

Жамбыл облысында мектеп дәретханасында оқушыны ұрып өлтірген жоғарғы сынып оқушыларына үкім шықты,деп хабарлайды Qazyr.kz КТК-ға сілтеп.

Жамбыл облысында мектеп дәретханасында 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғып, өлімші етіп жаралаған жоғары сынып оқушыларына қатысты сот үкімі шықты. Қайтыс болған оқушының анасы үкімге көңілі толмайтынын білдіріп, жазаның ауырлатылуын талап етті.

Сот үш айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Екі айыпталушы нақты мерзім алды – олар алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Үшінші айыпталушыға тек бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қайтыс болған оқушының ата-анасына моральдық зиян үшін өтемақы төлеу міндеттелді. Сот шешімі бойынша, бір айыпталушының заңды өкілінен 6 миллион теңге өндірілсе, екінші айыпталушының заңды өкілінен 5 миллион теңге өндірілді.

Қайтыс болған жасөспірімнің анасы Раушан Құдасова бұл үкіммен келіспейтінін айтып, үкімді жеңіл деп санайды. Ол өзінің баласын ұрған үш жасөспірімге де қатаң жаза тағайындалуы керек екенін мәлімдеді. «Олар менің баламды өлтірді. Ол небәрі 14 жаста еді. Жаза мерзімі өте жеңіл болып тұр. Біреуі үшін бір жылға бас бостандығын шектеу ғана берілген. Біз апелляцияға береміз және жазаның күшейтілуін талап етеміз», – деді Құдасова.

Қайтыс болған оқушының отбасы үшін бұл сот шешімі әділетсіз болып көрінеді, және олар үкімнің қайта қаралуын сұрап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылар саны артты

redaktor_qazyr

5 баланы ажал құштырған өрт қайдан пайда болды?

Redaktor Site

Трамп: Харрис демократияға қауіп төндіреді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz