Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталды: Министр жылы лебізін білдірді

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды құттықтады. Бұл туралы министр өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazyr.kz

“Құрметті әріптестер, ата-аналар, сүйікті оқушылар! Сіздерді 2024–2025 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!”, – деп жазды министр.

Министр өз құттықтауында Мемлекет басшысының бастамаларының арқасында ел аумағында бір жыл ішінде 257 жаңа мектеп салынғанын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық оқушылар халықаралық білім сайыстарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, түрлі халықаралық олимпиадаларда 362 медаль иеленсе, соның ішінде 41-і – алтын медаль.

“Биыл алғаш рет Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында жеті медальон жеңіп алып, тарихта бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Бұл жетістіктер – қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі”, – деді Ғани Бейсембаев.

Білім беру министрлігінің мәліметінше, 9 және 11-сынып түлектері үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Ал аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі 18–20 маусым күндері ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, министрлік мектеп бітіру шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды мерекелер, қаражат жинау, көлікпен серуендеу және мектеп форматына сай келмейтін өзге де шараларды өткізуден бас тартуға кеңес берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министр бюджетті мақсатты пайдалануды бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

admin_qazyr

Қабылсайдағы қанды қылмыс

redaktor_qazyr

Ғұн тарихы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz