Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Оралда жасөспірімді шапалақпен салып жіберген әйелге 370 мың теңге айыппұл салынды

Оралда жасөспірімді шапалақпен салып жіберген әйелге 370 мың теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облыстық соты Орал қаласында жасөспірімді ұрып-соққан әйелге айыппұл тағайындады. Оқиға Оралдағы дүкендердің бірінде болған. Жасөспірім әйелдің бутигіне кіріп, әйнек терезеге сүйенген кезде, сатушы оның үстінен ескерту жасаған. Алайда, кәмелетке толмаған жасөспірім сатушының ескертуіне мән бермей, оны балағаттаған.

Нәтижесінде, екеуінің арасында жанжал туындап, әйел жасөспірімді оң жақ бет аймағынан шапалақпен ұрып, оған физикалық және моральдық зиян келтірген. Облыстық соттың хабарламасына сәйкес, әйел осы әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Бұл айыппұлдың мөлшері 369 200 теңгені құрайды.

Жасөспірімнің ата-анасы соттан әйелге қатаң жаза тағайындауды сұраған. Сот осы ұсынысты ескеріп, айыппұл түріндегі жазаға үкім шығарды.

Ұқсас жаңалықтар

Тимур Құлыбаев пен вьетнамдық Crystal Bay «Ак-Бұлақты» жаңғыртады

admin_qazyr

TURKTAV IFLA конгресінде түркі әлемінің рухани мұрасын таныстырды

admin_qazyr

Әр отбасы бақылауда: Алматыда жаңа әлеуметтік модель қалыптасуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz