17.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өз қызметінен кетті. Сонымен қатар, құраманың басқа бапкерлері де қызметтерінен босатылды. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Черчесов 2024 жылдың маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалған болатын. Осы уақыт аралығында оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында 6 кездесу өткізді. Бірақ, құраманың ойындары мен нәтижелері күткен деңгейде болмағаны белгілі.

Станислав Черчесовтың жұмысына қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Оның қазақ тіліне қатысты жасаған даулары да жиі талқыланды. 2024 жылы Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті келемеждеп, кейін 738 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Бұл оқиға спорттық ортада үлкен дауға айналып, қоғамдық пікірді екіге бөліп тастады.

Енді, Қазақстан футбол құрамасының болашағы жаңа бас бапкердің тағайындалуына байланысты. Жаңа маман құраманың сапасын арттырып, болашақ ойындарда жақсы нәтижелер көрсету үшін тиісті жұмыстар жүргізетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр ауылында ұлттық спорт түрінен сайыс өтті

redaktor_qazyr

Табылды Досымов – Қазақ едім дегенше

redaktor_qazyr

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz