-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

ҚҚС реформасы: Қай салаларға өзгеріс енгізілмейді?

Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша реформа жүргізіліп, салық төлеушілер тізімі кеңейтілмек. Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі жүйеде ҚҚС төлеушілер саны өте аз, бұл салық жүйесінің тиімділігін төмендетеді.

«Қазіргі уақытта 137 700 кәсіпкер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгенімен, нақты төлейтіндері – 88 мың ғана. Елдегі 2,3 миллион кәсіпкердің небәрі 4%-ы ҚҚС төлейді, қалғаны бұл салықтан босатылған. Осыған байланысты жүйеде теңгерімсіздік орын алуда», – деді Жұманғарин.

Салық мөлшерлемесі қалай өзгереді?

Реформа аясында ҚҚС мөлшерін 16-20%-ға дейін көтеру жоспарлануда. Вице-премьердің айтуынша, бұл өзгеріс орта кәсіпкерлікке үлкен салмақ салмайды, өйткені жүктеме 4%-дан аспайды. Сонымен қатар, мемлекет кейбір негізгі салаларға жеңілдік сақтайды.

ҚҚС-тың 0% мөлшерлемесі қай салаларға сақталады?

Реформа барысында кейбір салаларға ҚҚС-тың бұрынғы мөлшерлемесі сақталады немесе жеңілдіктер қарастырылады:

Ауыл шаруашылығы – 0% (Бұл салаға салық жүктемесі арттырылмайды, себебі негізгі азық-түлік өнімдері ауыл шаруашылығынан келеді).

Фармацевтика және медицина – 10% (Халықтың денсаулық сақтау шығындарын өсірмеу үшін).

Бұл өзгерістер қарапайым халықтың әл-ауқатына теріс әсерін тигізбеуі үшін жасалып отыр. «Салық реформасы бизнестің банкрот болуына әкелмейді, керісінше, жүйені әділ және тұрақты етеді», – деп түсіндірді Жұманғарин.

Ұқсас жаңалықтар

Петропавлда зейнеткер 3 млн теңгесін алаяқтарға ұсынған

Redaktor Site

Түркістан облысында банан өсірілетін болады

redaktor_qazyr

Жүрек үні

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz