Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Астанадан Делиге тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасы кеңейе түседі. Indigo әуе компаниясы 2025 жылдың 14 мамырынан бастап Астана мен Делиді байланыстыратын жаңа тікелей рейсті іске қоспақ. Бұл бағыт бойынша ұшақтар аптасына үш рет қатынайды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Сондай-ақ, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы 20 сәуірден бастап Алматы – Мумбай бағыты бойынша тұрақты рейстерді бастайтынын хабарлаған. Бұл бағытта да әуе кемелері аптасына үш рет ұшады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында Алматы – Дели, Алматы – Гоа, Астана – Гоа бағыттарында тұрақты әуе рейстері орындалады. Жаңа бағыттардың ашылуы екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етпек. Ok

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: жүрегім күлмей

redaktor_qazyr

Цифрлық трансформация: бастапқы денсаулық сақтауда жаңа құралдар енгізілді

admin_qazyr

Кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтудың негізі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz