Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСпорт

Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.

Сонымен қатар ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.

Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 30 жастағы ер адам анасын пышақтап,өртеп жіберген

redaktor_qazyr

Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты

redaktor_qazyr

2025 жылы алғаш рет өсім: Ұлттық қор сәуірде оң өзгеріс көрсетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz