Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

СҚО-да күнбағыс майын өндіретін зауыт іске қосылды

Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылып, толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд тг салық құяды.

Зауыттың өнімі —  күнбағыс, рап және зығыр майы, сондай-ақ күнжара мен шрот.

Ашылған күннен бастап 10 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Көктемде экстракция желісі іске қосылса, жыл соңына дейін тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие лецитин өңдеу цехы ашылады.

«Кәсіпорын шикізатты жергілікті диқандардан сатып алады, бұл өңірдің жоғары әлеуетін көрсетеді. Биыл әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы 85 мың гектарға ұлғайтылып, 760 мың гектарға дейін жетті», — деп атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жаңа зауыттың арқасында өңір барлық өнімді өңдеуге мүмкіндік алды. Былтыр СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналса, бүгінде өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуаты жылына 811 мың тоннаны құрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметінен босатылды

redaktor_qazyr

Үкімет сауда саласын цифрландыруда жаңа пилоттық жобаларды іске қосады

admin_qazyr

Қазақстанға қарулы қақтығыс қаупі төніп тұр ма? Сарапшылар мен депутаттардың пікірі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz