Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Атакент» кешені жаңғыртылады: Алматыда ірі урбанистік жоба жүзеге асады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы – «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жоба аясында кешен аумағы кешенді түрде абаттандырылып, заманауи урбанистік шешімдер енгізіледі. Әкімнің айтуынша, «Атакенттің» субұрқақ кешендері қаладағы ең көрікті орындардың біріне айналуы тиіс.

«Субұрқақ кешендері «Атакент» жобасының жүрегі болуы керек. Ең бастысы — жұмыстар сапалы әрі мерзімінде орындалуы тиіс», — деді Дархан Сатыбалды.

Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың шілде айынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жоспарға сәйкес, 74 мың шаршы метр жолдар мен тротуарлар жөнделеді, 170 мың шаршы метр жасыл аймақтар абаттандырылады. Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жүйесі, балалар және спорт алаңдары, көшедегі орындықтар мен модульдік әжетханалар орнатылады. Автоматтандырылған суару жүйесі де қарастырылған.

Қала басшысы ағаш түрлерін таңдауда әртараптандыруға назар аударып, Алматының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жапырақты ағаштарды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Ауқымды жоба «Атакенттің» іскерлік тартымдылығын арттырып қана қоймай, алматылықтар мен қала қонақтары үшін жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 1940 қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

admin_qazyr

Қостанай облысы: бас имам, мас имам күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды

redaktor_qazyr

Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz