Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Ел бірлігін нығайту: Ерлан Қарин ұлтаралық келісімді күшейту бойынша жиын өткізді

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған республикалық жұмыс кеңесі өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жиынға Президент әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңесте еліміздегі тұрақты ұлтаралық диалогты дамыту және өңірлерде болуы мүмкін шиеленістердің алдын алу мәселелері басты тақырып болды. Ерлан Қариннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру маңызды.

— Басты назарда — «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және мемлекеттік органдардың негізгі ішкі саяси бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылдарын проактивті түрде үйлестіру, — деді Ерлан Қарин.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға ел ішіндегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, мұндай кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейінгі жиын биылғы 19 мамырда өтіп, онда Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдайлар талқыланған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Екі ақылды болса

redaktor_qazyr

Президент Тоқаевтың жарлығымен жаңа министрліктер құрылды

redaktor_qazyr

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz