Qazyr.kz порталы
Қазір

Nomad Fighting президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумға қатысып, дауыс берді

референдум

Бүгін Nomad Fighting аралас жекпе-жек федерациясының президенті, спорт жанашыры Мұхамеджан Қонысбеков Алматы қаласында орналасқан референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Ол саяси іс-шараның маңызына тоқталып, ел болашағы үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

– Референдум еліміздің даму бағытын айқындайтын жауапты кезеңдердің бірі. Әр азаматтың дауысы мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне қосылған үлес. Сондықтан да бүгін мен де азаматтық парызымды орындап, дауыс бердім. Жастарымыз осындай сәттерде белсенді болуы тиіс, өйткені мемлекеттің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, – деді Мұхамеджан Қонысбеков.

Ол сонымен қатар еліміздегі спорт саласының дамуы қоғамның белсенділігі мен азаматтық ұстанымға тікелей байланысты екенін жеткізді. Спортшы жастардың саяси белсенділігі олардың бойындағы отансүйгіштік сезімді одан әрі нығайта түседі деп санайды.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап ашылып, дауыс берушілердің белсенді қатысуымен жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға өз үлестерін қосуда.

Ұқсас жаңалықтар

3-7 қыркүйек Астанада «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны өтеді

Redaktor Site

Шымкентте 32,65 автобустар жаңартылды.Жыл соңына дейін қала автобустары 100% жаңартылатын болады.

redaktor_qazyr

Қайрат Нұртастың анасы қамаудағы ұлы туралы айтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz