Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Семізбұғы көлінің жағасында жаңа демалыс аймағы мен шипажай бой көтереді

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданында орналасқан Семізбұғы көлінің жағасында жаңа туристік аймақ пен шипажай салу жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдің туристік әлеуетін арттырып, денсаулық туризміне жол ашпақ деп хабарлайды Qazyr.kz

Көлдің тұзды суы мен емдік балшығы көпшілікке белгілі. Олар тері ауруларын емдеуде және ағзаның жалпы жағдайын жақсартуда оң әсер етеді. Осы қасиеттерін тиімді пайдалану мақсатында көлдің жағалауынан емдік шипажай мен демалыс аймағы салынады.

Бүгінде Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі 62 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеп жатыр. Жоспарға сәйкес, мұнда қонақүй, шипажайлық-сауықтыру кешені, спортпен шұғылдануға және концерттер өткізуге арналған инфрақұрылым салу көзделген.

Жобалық-сметалық құжаттар барлық тиісті рәсімдерден өткеннен кейін әзірленіп, инвесторларға ұсынылады. Құрылыс пен болашақтағы басқару жұмыстары жеке меншік сектордың қолына беріледі.

Туристер үшін тағы бір жағымды жаңалық — Корнеевка – Бұқар жырау бағытындағы 15 шақырым жол жөндеуден өтеді. Бұл жол арқылы саяхатшылар Семізбұғы көліне кедергісіз жететін болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдан Ыстықкөлге жаңа әуе рейстері ашылды

admin_qazyr

500 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді: Жетісуда ірі жоба жүзеге асып жатыр

admin_qazyr

Арыс аудандық полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов,әкім орынбасары Рысдаулет Айтбаевтың қатысуымен жастармен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz