Qazyr.kz порталы
ҚазірСпорт

Қазақстандық семсершілер әлем чемпионатында тарихи қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық ерлер құрамасы семсер қылыштасудан Тбилисиде өткен әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар командалық сайыста Олимпиаданың тоғыз дүркін чемпиондары – Франция құрамасын жеңіп, қола жүлдеге ие болды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл – еліміздің семсерлесу тарихындағы алғашқы жүлде. Жарыстың жартылай финалында қазақстандықтар Токио Олимпиадасының чемпионы әрі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасынан бір ғана ұпай айырмасымен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов өнер көрсетті. Олардың қажырлы еңбегі мен ұйымшылдығы әлемдік аренада жоғары бағаланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап семсерлесуден ерлер мен әйелдер құрамасы шетелдік мамандармен бірлесіп жаңа әдістеме бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені енгізу, отандық спортшылардың біліктілігін арттыру және елдің медаль қорын көбейту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада журналистер аллеясы ашылды

redaktor_qazyr

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

admin_qazyr

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz