28.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматыда бала жоғалып кетті

Алматы қаласының тұрғыны, мұғалім Аида Мұсаева 16 жастағы шәкірті Айдостың жоғалып кеткенін айтты, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Оның айтуынша, оқыс оқиға Мамыр-3 ықшамауданында 10:54 шамасында болған. Жасөспірім үйден қоқыс шығаруға шығып кеткен, алайда қоқыс жәшігіне дейін жетпеген. Жоғалғанға дейінгі соңғы сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған: кадрларда Айдостың автотұрақтың жанында жүргені байқалады.

Аида Мұсаева баланың мінезі тыныш, ешкіммен ұрыспайтын, ескертусіз кетіп қалатын әдеті жоқ екенін айтады.

Қазіргі таңда оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады. Бұл оқиға қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті, ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз», – деп жазды Аида Мұсаева.

 

Ұқсас жаңалықтар

«250 мың теңге алған» Созақта жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

redaktor_qazyr

Банктер мемлекеттен алған ақшаны қайтаруда

admin_qazyr

Түркістан обл: Полицейлер сенбі,жексенбі күндері жүргізген рейдте 182 құқық бұзушылықты анықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz