Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда Starlink спутниктік интернет қызметтері іске қосылды

13 тамызда Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Биыл 12 маусымда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет.

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

admin_qazyr

Арыс қаласында мотоцикл мінген екі белгісіз адам, тұрғын үй иесіне оқ атып өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz