Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

ТМД елдерінің ішкі істер министрлері қылмысқа қарсы бірлескен шараларды талқылады

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның ішкі істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылды үйлестіру бюросы және ТМД Антитеррористік орталығы қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазақстан делегациясын ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды. Ол өз сөзінде биыл қазақстандық полицияның ТМД елдерінің мүддесі үшін 374 қылмыскерді, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасап, ондаған жылдар бойы жасырынып жүрген адамдарды ұстағанын атап өтті. Сонымен қатар, синтетикалық есірткі өндіру және таратуға маманданған үш трансұлттық қылмыстық топты қоса алғанда, 13 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Барлығы 119 ТМД азаматы қамауға алынды.

«Есірткі трафигі арналарының жолын кесуге және қылмыстық тізбектегі барлық қатысушыларды ұстауға бағытталған бірлескен арнайы операцияларды жандандыру қажет деп санаймын», – деді Саденов.

 

Министр сондай-ақ ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіруді, өзара сұрауларды орындау мерзімдерін оңтайландыруды және халықаралық құқықтық актілерді түзетуді ұсынды. Бұл бастамалар Кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Жиын барысында тараптар жол қауіпсіздігін арттыру шараларын талқылады, кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін базалық ұйымды айқындады. Сонымен қатар, ТМД елдерінің ішкі істер органдарының сараптамалық-криминалистикалық қызметіне талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Кеңес аясында қылмысқа қарсы күрестегі көпжақты ынтымақтастықтың өзге де бағыттары қаралды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Түркістан облысындағы су инфрақұрылымының жай-күйімен танысты

admin_qazyr

Мемлекеттік қызметтегі жастарға зор үміт артамыз — Думан Әбілев

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 262 елді мекен санитарлық тазалық қызметімен қамтылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz