Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда Starlink спутниктік интернет қызметтері іске қосылды

13 тамызда Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Биыл 12 маусымда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қол қойды

admin_qazyr

Алматыда қоқыс шығаруға арналған 50 жаңа машина берілді

admin_qazyr

Путин Трамппен Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөзге дайын,бірақ Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz