Qazyr.kz порталы
Айтарым барЖаңалықтарҚазір

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы Торегожинаның жазбаларын талдады

Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығының жаңа шығарылымында медиадағы және әлеуметтік желілердегі кликбейт пен манипуляция мәселесіне назар аударылды.

Мысал ретінде қоғам белсендісі Бақытжан Торегожинаға қатысты жағдай келтірілген. Оның жазбалары шындыққа сәйкес келмейтін деп танылып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен омбудсмен аппараты, медициналық ұйымдар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері кірген комиссия тарапынан ресми түрде теріске шығарылды.

Еске салайық, 2025 жылғы шілде айында Торегожина жалған ақпарат таратқаны үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Орталық атап өткендей, фактілерді әсірелеу мен драматизация — манипуляторлардың жиі қолданатын әдісі, ол ресми ақпарат көздеріне деген сенімді әлсіретеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әр отбасы бақылауда: Алматыда жаңа әлеуметтік модель қалыптасуда

admin_qazyr

Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

admin_qazyr

Тербелген Қазақ елі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz