Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Маңғыстау жастары мен дәрігерлері Түркияда тегін оқып, біліктілігін арттырады

Маңғыстау облысының студенттері мен дәрігерлері Түркияда тегін оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Бұл келісімдер облыс әкімінің тапсырмасымен Стамбул қаласына іссапармен барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Урсибаевтың кездесулері нәтижесінде жүзеге асты.

Алынған уағдаластықтарға сәйкес, биылдан бастап 100 студент Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласында тегін тәжірибеден өтеді. Атап айтқанда, Woxxx Hotels Group 50 студентті Мармаристе оқытса, тағы 50 студент Анталияда кәсіби білімін жетілдіреді. Бағдарлама аясында барлық тағылымдамашыларға тегін тамақ беріледі және ай сайын жалақы төленеді.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық аймақ» туристік қызметтер сауда компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты – өңірде туризм мен сервис саласы үшін білікті кадрлар даярлау.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Medicana Health Group компаниясының басқарма мүшесі Берк Бозкуртпен келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижесінде медициналық сала бойынша әріптестік орнату туралы келісімге қол жеткізілді. Оның аясында 20 онколог дәрігер және әр медициналық ұйымнан 30-ға жуық маман Түркияда тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін жетілдіреді.

Medicana Health Group – Түркиядағы жетекші медициналық ұйымдардың бірі. Оның құрамына 14 аурухана, 11 медициналық орталық және 500-ден астам клиника кіреді. Жыл сайын 10 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсететін бұл топ медициналық туризм саласында да көшбасшылардың қатарында.

Ұқсас жаңалықтар

Электронды орындықтың шығу тарихы

Redaktor Site

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

admin_qazyr

Алматы қауіпсіздігі: Өрттің азаюы артында қатаң бақылау тұр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz