Qazyr.kz порталы
Әмбебапэкономика

«Миллиондар кімге бұйырады»: Алматыда әлемнің мықты теннисшілері қомақты жүлде қорын таласқа салады

«Миллиондар кімге бұйырады»: Алматыда әлемнің мықты теннисшілері қомақты жүлде қорын таласқа салады,-деп хабарлайды Qazyr.kz.

Елімізде 2-7 қыркүйек күндері үстел теннисінен беделді жарыс өтеді. «WTT Contender Almaty 2025» деп аталатын турнирге қатысу үшін әлемнің 21 елінен жүздеген спортшы Алматыға келеді.
Оңтүстік астанада осымен төртінші мәрте өткелі отырған жарыстың жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары деп бекітілген. Яғни, спортшылар әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып қана қоймай, қомақты қаражат та ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің спортшылар да бұл додадан қалыс қалмайды, Алан Құрманғалиев, Жания Бекмұхамбетова, Анель Бақыт секілді ұлттық құраманың белді теннисшілері бағын сынап, жүлделерді сарапқа салады.


Қазақстан Үстел теннисі федерациясының мәліметіне сай, жарысқа қатысу үшін барлығы 143 спортшы іріктеліп алынған. Турнирге Аустралия, Вьетнам, Германия, Жапония, Иран, Испания, Корея, Қытай, Люксембург, Малайзия, Мексика, Өзбекстан, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Үндістан, Франция және Қазақстан елдерінің спортшылары өтініш берген. Оның ішінде үш дүркін Еуропа чемпионы словениялық Дарко Йоргич, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық спортшы Сора Мацушима, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, германиялық Шань Сяона, әлем чемпионатының қола жүлдегері Хонока Хашимото (Жапония) бар.


Турнир ерлер мен әйелдер жекелей, жұптық және аралас санаттарда өнер көрсетеді. Ал жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Матчтар Алматы қаласындағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» (Нуркент шағын ауданы, 14Б) кешенінде өтеді. Ал билеттер kino.kz сатылымда бар. Одан бөлек жарыстар «Qazsport» телеарнасы мен World Table Tennis (WTT) ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде трансляцияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті

admin_qazyr

Жүрегім күлмей

redaktor_qazyr

Балқаш көлі туристерге дайын: электр, су, жол іске қосылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz