Qazyr.kz порталы
Қазір

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысады

21–23 қыркүйек аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірқатар мемлекет және халықаралық ұйым басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар, АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әлемдік жетекші компаниялар жетекшілерімен кездесулер жоспарланған.

Бұған дейін Президент Тоқаев БҰҰ-ның негізгі құрылымы – Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың өзектілігін атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл реформа күрделі болғанымен, одан басқа жол жоқ. Әйтпесе, ұйымға деген сенім түбегейлі әлсіреуі мүмкін.

Айта кетейік, тамыз айында Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездескен Тоқаев, Қазақстанның 33 жыл ішінде халықаралық қауымдастықта жауапты, белсенді және бейбітсүйгіш мүше ретінде өзін танытқанын айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Экология министрі: Көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті

redaktor_qazyr

Трамп Канада, Мексика және Қытай импортына баж салығын енгізді

redaktor_qazyr

Қарағандыда 5 көлік соқтығысқан жол апаты болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz