Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда борышкерлерді анықтауға арналған «Цифрлық бақылау» жүйесі іске қосылды

Қазақстанда Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратура бірлесіп «Цифрлық бақылау» жүйесін енгізді. Бұл жаңашылдық борышын өтемей жүрген азаматтарды қоғамдық орындарда, әуежайларда, вокзалдарда, метро мен әлеуметтік нысандарда анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлайды Qazyr.kz

Жүйе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде, сондай-ақ әуе және теміржол билеттерін сатып алу барысында азаматтарды автоматты түрде дерекқор арқылы сәйкестендіреді. Осылайша, қарыздан жалтарғандар жылдам анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар, борышкерлерге тиесілі көліктерді іздеу функциясы да іске қосылды. Қаладағы бейнекамералар арқылы тыйым салынған автокөліктер анықталса, полиция оларды айыппұл тұрағына жеткізеді.

Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл шара сот шешімдерінің орындалуын күшейтіп, несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан: «1-інші наурыздан бастап сағат тілі 1 сағат артқа жылжиды»

redaktor_qazyr

Мен биліке келсем,Украина көмек күтпесін — Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Алматыда 311 электрокөлік қуаттау бекеті салынады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz